Нью-Йоркте тұмауға байланысты мектептер жабылуда
08:26, 15 Мамыр 2009
НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - Нью-Йорк өкіметі «доңыз тұмауына» байланысты үш мектепті карантинге жапты.
Жүздеген оқушыда аталған аурудың белгілері пайда болғаннан кейін, осындай өкім беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап. Мұғалімдердің бірі ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Сондай-ақ мектептердің бірінде «доңыз тұмауымен» ауырудың расталған оқиғалары тіркелді, деп мәлімдеді Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг.