10:41, 15 Маусым 2009
Нью-Йоркте ұшақ апатқа ұшырады
НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатындағы Скоша қаласынан 32 шақырым жерде ұшақ апаты орын алды.
Жексенбі күні болған оқиғаның салдарынан бір моторлы «Пайпер-Чероки» ұшағы өзенге құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Апат кезінде ұшақ бортында үш адамның екеуі қаза тапты. Ал үшіншісінің жағдайы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ, деп хабарлайды АҚШ-тың Федералдық авиациялық басқармасынан.