Отырыс БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясының президенті Насер Әбделәзиз Әл-Насердің бастамасымен және Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің көмегімен шақырылды.
Қазақстан бастамасы бойынша 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы шешімі қабылданды. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бұл күні Семей ядролық сынақ полигоны мәңгілікке жабылды. Халықаралық қауымдастықтың мойындауынша, бұл шешім адамзаттың ядролық сынақтарды тоқтатуға және жалпы алғанда ядролық қаруды жоюға деген талпынысын көрсетеді.
Отырыс жұмысына БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясының Президенті Нәсер Әбделәзиз Әл-Насер, Қазақстан Республикасының атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің төрағасы Тимур Жантикин, АҚШ Президентінің ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша арнайы өкілі Сюзан Бёрк, МАГАТЭ бас директорының өкілі Джефри Шоу, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше-мемлекеттердің тұрақты өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми орталардың өкілдері қатысты.
Отырыс қатысушыларының алдында сөз сөйлеген БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясының Президенті Насер Әбделәзиз Әл-Насер Қазақстанның ядролық қарусыздану және тараптау ісіне қосқан теңдессіз үлесін атап өтіп, бұл ретте Н.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу шешімі ядросыз болашаққа талпынудың жарқын мысалы болып табылатынын және әлемдік қауымдастықтың барлық көшбасшылары одан үлгі алу керектігін айтты.
Қатысушыларға БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның бейне-жолдауы ұсынылды. Онда ол Халықаралық күннің әлем және адамзат үшін маңыздылығын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа оның ядролық қарусыздану саласындағы көшбасшылығы, соның ішінде Семей ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау ісіне қосқан үлесі үшін құрметін білдірді. Әлемдік қауымдастықты ядролық сынақтардан және ядролық қарудан еркін әлемге қарай жылжу үшін барлық күш-жігерді ортаға салуға шақырды.
Қазақстан Республикасының атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің төрағасы Тимур Жантикин отырыс қатысушыларының назарын 29 тамыз бойынша шешімді қабылдау - ғаламдық ядролық қауіп пен жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісім-шартын іске асыруға қосқан үлес екеніне аударды және Қазақстан Республикасының атынан жалпыға ортақ ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісім-шартының өз күшіне енуі үшін мемлекеттерді барлық адамзаттың қауіпсіздігі үшін Ядролық қаруды тараптау туралы келісім-шартты іске асырудың басты бағыттарының бірі болып табылатын бұл маңызды құжатқа тезірек қол қойып, бекітуге шақырды.
Бұдан кейін отырыс жоғары деңгейдегі панельдік пікірталасқа көшті. Оның тақырыбы - «БҰҰ-ның ядролық қарусыздандыру және таратпау ісіндегі рөлі». Пікірталас БҰҰ-ның мүше мемлекеттері өкілдеріне, сондай-ақ азаматтық институттардан шақырылған қонақтарға ядролық қауіпсіздік және халықаралық қауымдастықтардың басты мақсаты - ядросыз қарусыз әлемге қол жеткізу үшін қажетті іс-қимылдарға қатысты түрлі мәселелер бойынша пікір алмасуларына мүмкіндік берді.