Нью-Йорктегі атыс: Бір адам өліп, 11-і жараланды
12:43, 28 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН - НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Сенбі күні жергілікті уақытпен түнгі 11 шамасында Нью-Йоркте атыс болды деп xабарлайды ҚазАқпарат The New York Post-қа сілтеме жасап.
Полицияның мәлімдеуінше, Бруклиндегі атыс салдарынан38 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы 11 адам жараланған.
Хабарларға қарағанда, Браунсвилл демалыс орталығындажыл сайын өтетін дәстүрлі кешке қарумен кірген қаскөй сондағы адамдарды қырыптастамақ болған. Қылмыскер әлі ұсталған жоқ.
«Бүгін Браунсвилл ауданында жан түршігерлік атысболды», – деп жазды Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, аталған дәстүрлі кештің өтіп жатқанынабиыл 56 жыл болған. Оған жыл сайын мыңдаған адам келеді.