Бұған дейін жеңіліп көрмеген Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2 КО) кездесті. Суперорта салмақтағы бокс 10 раундқа жоспарланды.
Әли Ахмедов гонг естілісімен қарсыласына ұмтылып, соққы жасай бастады. Оның соққыларынан соң Маркус МакДэниэл құлап қалған. Бірақ, төреші америкалық боксшының тайып кеткенін айтты. Үшінші раундта Әли жойқын соққылары қарсыласы нокдаунға түсіп қалды. Дегенмен, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.
Әли Ахмедов Маркус МакДэниэлді техникалық нокаутпен жеңді.
Еске салсақ, бүгін Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан 32 жастағы ақтөбелік боксшы Бақтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальоға (8-0, 4 КО) есе жіберген болатын.