Нью-Йорктегі Бостандық мүсіні бір жылға жабылады.

None
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік жүйелерін жақсарту жұмыстары жүргізілуіне байланысты Нью-йорктегі Бостандық мүсіні келушілер үшін жабылады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, мүсін бір жыл жабылады.

Бостандық мүсіні - Йью-Йорктың басты көрнекті орындарының бірі. Мұнда жылына 5 миллионнан астам болады. Жазғы уақыттары келушілер саны күніне 20 мың адамға дейін жетеді. Оны басының ішінде АҚШ-тағы ең танымал көру алаңы орналасқан.

Бостандық мүсіні 1886 жылы АҚШ тәуелсіздігі декларациясының қабылдануына жүз жыл толуына орай ашылды. Монумент Францияда жасалып, «француз халқының сыйлығы» ретінде АҚШ-қа берілді.