Бұл мәртебе Әлия Молдабековаға бұйырды. Ал Айсұлу Қарпықова екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті Әсел Мұқашева тұйықтады, деп хабарлады Нью-Йорктегі ҚР бас консулдығынан.
«Наурыз мейрамы қарсаңында сұлулық ханшайымын таңдау отандастарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Енді біз Нью-Йорк тұрғындарын төл мәдениетімізбен таныстырмақ ойымыз бар. Жақын арада бұл жерде "Көкіл" және Алматылық джаз бэнд жастар ұжымдары өнер көрсетеді. Айта кету керек, джаз бэнд Нью-Йорктегі джаз фестиваліне қатысады. Осы мәдени шараларды таныстыру рәсімін жүргізу арулар байқауының жеңімпазына жүктеліп отыр», - дейді Бас консул Раушан Есболатова.