Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов бокстан кезекті жекпе-жек өткізеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов АҚШ-тың Майами қаласында кәсіби бокстан кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің кәсіби бокста рингке шықпағалы біраз болды. Себебі емделдім. Қазір бәрі қалпына келді, өзімді жақсы сезінемін. Осы орайда қуанышты хабармен бөліскім келеді. Жуырда менде жекпе-жек болады. Бокс кеші алдағы 20 ақпанда Флорида штатының Майами қаласында өтпек. Қарсыласым колумбиялық Джонатан Терес деген боксшы. Бұйырса Қазақстанға тағы бір жеңіс сыйлайтын боламын», - деді Д. Нияз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Нью-Йорктағы полицей Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасында небәрі 100 доллар алған еді.