Сарапшылардың айтуынша, «қара алтынның» бағасы арзандауына әлемдік нарықтарда мұнайдың көп болуы себеп болды. «Жаһандық жағдайды алғанда нарық мықтап әлсіреді, - деп санайды Флоридада орналасқан Energy Analytics Group талдау компаниясының директоры Том Финлон. - ОПЕК мүше-елдерінде мұнай өндіру олар уәде еткендей, жоғары деңгейде болып отыр. Сонымен бірге бізге АҚШ-та әлі де көп мұнайды сатуымыз қажет».