Такси жүргізушілері бұған қуанышты, ал жолаушылар оған керісінше наразы. Өйткені тілді жетік білмегендіктен, такси жүргізушілері діттеген жерге жеткізе алмай жатады. Тіпті бұл жерде электронды навигатор да көмектесе алмайды.
Бүгінде Нью-Йоркте 144 мың такси жүрізушісі жұмыс істейді. Олардың көпшілігі испан тілінен басқа тілді білмейді. Сондай-ақ мыңдаған сары түсті таксидің рөлінде отырғандар - Оңтүстік Азиядан келгендер.
Дегенмен қалалық әкімшілік өкілдері такси жүргізушілері үшін ағылшын тілін жетік меңгеру міндетті емес дейді. Мәселен, Uber жүргізушілері ағылшын тілінен тест ешқашан тапсырмаған. Бірақ жұмыстарына ол еш кедергі келтірмепті. Жолаушылар да азаймаған.
- Бұл - такси жүргізушілеріне берілген мүмкіндік. Біз осылайша орта таптың қатарына қосыла аламыз. Бұл үшін осы жолдағы кедергілерді жоюымыз қажет, дейді Нью-Йорк қалалық кеңесінің мүшесі Уданис Родригес.