Нью-Йорктегі төтенше оқиға теракт ретінде тергеліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте болған лаңкестік әрекеттен 8 адам мерт болып, 12 адам жарақат алды. АҚШ ішкі істер қауіпсіздігі министрлігі бұл оқиғаны террорлық акт деп жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Айта кетейік, біз бұған дейін Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетіп, артынан оқ жаудырғанын. Нәтижесінде 6 адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз . 

Ресми мәліметтерге қарағанда, жүк көлігінің жүргізушісі велосипедшілер жолағына түсіп, жолдағылардың бәрін қасақана басқан. Күдікті қамауға алынды. Билік оның аты-жөні мен азаматтығы туралы ақпарат берген жоқ.

«Қазіргі уақытта  болған төтенше оқиғадан 8 адам мерт болып, 12 адам жарақат алды», - деді мегаполис мэрі Билл де Блазио баспасөз мәслихатында.

Колумбияның федеральдық округінің полициясы қала тұрғындарына барынша абай болып, егер күдікті жайттарды байқаған кезде  құқық қорғау органдарына хабар беруге кеңес берді.