Нью-Йорктен келген жасөспірім Усама бен Ладеннің өлімінен 120 мың доллар пайда түсірді

None
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - 23 жасар американдық екі күнде №1 лаңкестің суреті бейнеленген 10 мыңнан астам майка сатып, 120 мың доллар ақша тапты, деп хабарлайды Fox News.

Кәсіпкер Маурис Харари АҚШ-тың басты жауының өлімінен дәулетін молайтуға қол жеткізді. Усама бен Ладеннің көзі қызыл түспен байланған «марқұм» деген сөз жазылып, бейнесі салынған 10 мыңнан астам майканы екі күн сатып, пайдаға кенелді.