Нью-Йорктің бұрынғы мэрі АҚШ президенттігіне дауысқа түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2002-2013 жылдары Нью-Йорк мэрі болған миллиардер Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне өзінің кандиатурасын тәуелсіз үміткер ретінде ұсынбақ, деп хабарлады Росбалт CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Егер республикандықтар атынан үміткер болып рейтингісі барған сайын өсіп келе жатқан танымал миллиардер Дональд Трамп, ал демократтардан экс-мемлекеттік хатшы және экс-президенттің әйелі Хиллари Клинтон түсетін болса, ол осындай шешім қабылдамақшы.

Блумберг өзінің көмекшілеріне Трамп мен Клинтонға қарсы күресте жеңіске үміті қандай екенін білу үшін қоғамдық пікір сауалдамасын жүргізуді тапсырды.

2008 және 2012 жылдары да Блумбергтің президенттік додаға қатысуы ойы болған, алайда дауысқа түскен жоқ.