Сондай-ақ, осы күні Қызылорда қаласында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен филармонияның 50 жылдығына орай, «Нарын» ұлт-аспаптар оркестрі гостролдік концерт береді.
Атырау облыстық филармониясы мен Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент және Алматы облыстық филармониялары бірлестігінің шығармашылық және гострольдік ынтымақтастығымен, шығармашылық тәжірибе алмасудың, Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен дәстүрлерін сақтаудың, әлемдік және отандық музыка жауһарларын дәріптеудің негізі болып табылатындықтан, оркестрлер, дирижерлер, жеке орындаушылар мен вокалистер және аспапшылардың бірлескен концерттері, аймақтық орындаушылық мектептердің концерттерін өткізу жолымен ынтымақтастық мүмкіншіліктері тәжірибе алмасуды кеңейтуге және Қазақстанда филармониялар бірлестігінің маңызды шығармашылық базасын құруға мүмкіндік береді.
Атырау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармониясының құрылғанына 50 жыл толуына орай «Нарын» ұлт-аспаптар оркестрінің концерттері 2016 жылғы 31 наурызда Орал қаласында, 1 сәуірде Ақтөбе облысының Алға ауданында, 2 сәуір күні Ақтөбе қаласында, 4 сәуір күні Қызылорда қаласында, 5 сәуір күні Шымкент қаласында, 7 сәуір күні Алматы қаласында өткізілетін болады.