Шақыртуын ол бүгін Жапонияда «G7» елдері Сыртқы істер министрлері келіссөздерінің салтанатты ашылуында АҚШ елшлігінің өкілі арқылы берген.
«АҚШ көшбасшысының атом бомбасынан зардап шеккен қалаларды көргені - маңызды», делінген «ТАСС» келтірген хабарламада.
Нагаски мэрі Барак Обама аталған қалаларға алдағы мамыр айында Жапонияда өтетін «үлкен жетілік» елдерінің саммиті қарсаңында келетініне үмітті екенін жеткізді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри ертең тарихта бірінші рет Хиросимадағы Әлем паркі мемориалына барады деп жоспарланған.
22:40, 10 Сәуір 2016
Нагасаки мэрі АҚШ президентін атом бомбасынан зардап шеккен қалаларды көруге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Нагасаки қаласының мэрі Томихиса Тауэ АҚШ президенті Барак Обаманы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін америкалық атом бомбаларынан зардап шеккен Хиросима, Нагасаки қалаларына шақырды, деп хабарлады russian.rt.com.