деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі Қауіпсіздік форумының Астанада НАТО- ның қалыптасуының 60 жылдығында өтуі атап айтарлық жағдай. Өткен он жылдықта Альянс жабық әскери блоктан 50 әріптес елдің көп салалы ынтымақтастығының елеулі жолынан өтті. Альянстың тарихында алғаш рет ЕАӘК Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Тәуекелдердің жаһандық ахуалы мен ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік - әлемдік қоғамдастыққа жаһандық, сондай- ақ аймақтық қауіпсіздікке жауап іздеуде күштердің бірігуін талап етіп отыр. Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстан осы тектес диалогтың өзектілігін өткір сезінеді. Нағыз қауіпсіздік тек өзара іс- қимыл, қауіпсіздіктің аймақтық кешенін құру, халықаралық құқық нормалары негізіндегі сындарлы ынтымақтастық арқылы қамтамасыз етілетініне сенімдіміз. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жігерін арттырып келеді. Біздің ел өз еркімен ядролық қарудан бас тартып, осының негізінде бұдан кейінгі қауіпсіз болашаққа жол көрсетті. Біз Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамасын көтердік. Әлемге жаппай қырып-жою қаруының таралу қаупі, сондай -ақ оны халықаралық лаңкестік ұйымдардың пайдалану қатері төніп тұрғанда Қазақстанның үлгісі бүгінде әсіресе өзекті, әрі қажет.
Қазақстан ядролық қарусыз әлемнің жаһандық қозғалысын құруға күш салуда. Жақында мен Семейде тамыздың 29-ы, яғни осыдан он сегіз жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнін - Жаппай қырып- жою қаруынан бас тартудың Дүниежүзілік күні деп жариялау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысты біз БҰҰ- ның қарауына енгізуге әзірміз», деген Елбасы өзінің Форумға қатысушыларды құттықтауында.