деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Кейіннен мамандар бас сүйек ежелгі заман жануары - индрикотерияға (ғылыми атауы - Indricotherium) жататынын анықтады. «Оның бойы бес метрге, ұзындығы сегіз метрге жеткен. Бұл жануардың қаңқалары бұрындары Оңтүстік Қазақстанда және Арал теңізінің аумағында табылған», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Индрикотерия - жойылып кеткен алып сүтқоректілердің тобына жататын қазіргі мүйізтұмсықтар тұқымдасы. Олар бұдан 20-30 миллион жыл бұрын Еуразияда тіршілік еткен. Индрикотерия деген атау «индрик» деген - славяндардың мифологиясындағы ертегі хайуанатты білдіретін сөзден туындаған.
Индрикотерияның қаңқалары Қазақстанда, Моңғолияда және Қытайда жиі кездеседі.