Бұл күні жобаға қатысушыларды қолдау үшін отандық эстрада жұлдыздары мен әйгілі спортшылар келеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінен. «Намыс дода» - бұл спорттық сайыс болғанымен, сонымен қатар ойын-сауықтық бағдарлама. Бұл тартыста кәсіби спортшылар мен қатар, медиа саласының өкілдері мен танымал әртістер қатысуда. Биылғы жылы «Намыс дода» сайысында Франция, Қытай, Алжир, Венгрия және Қазақстан бақ сынасуда. Іс-шара 25 желтоқсанда сағат 20:00-де Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан «Мега парк» ойын-сауық кешенінде өтеді.
16:44, 22 Желтоқсан 2015
«Намыс дода» сайысының финалын жұлдыздармен бірге тамашалау мүмкін болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 желтоқсанда Алматыдағы «Мега парк» ойын-сауық кешенінде бірнеше айдан бері арнайы бағдарламаның тұрақты жанкүйерлері мен көрермендері үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ақтық мәреге жеткен жарысты бірге тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырады.