«Намыс дода» спорттық-ойын сауық шоуы қайта эфирде

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - 22 қыркүйектен бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Намыс дода» (Ресей телеарналарында «Большие гонки» деп аталады) - спорттық-ойын сауық шоуы көрсетіле бастады.

Әлемдік деңгейдегі тележобаға Қазақстан осымен екінші рет қатысуда.  Аталмыш бағдарламаның идеясы Францияның бұрынғы президенті Шарль де Голльге тиесілі. Ойындардың түсірілімі Франция астанасы Париждің оңтүстігінде орналасқан Серне қалашығында өтеді.

Жарысқа дәстүрлі түрде Қазақстан, Ресей, Қытай, Испания, Греция және Франция елдері қатысуда. Қазақстан намысын қорғауға еліміздің белгілі актерлары, спортшылары және әншілері қатысады. Олардың арасында Асанәлі Әшімов, Нағима Есқалиева, Майра Ілиясова, Ардақ Назаров, Айқын Төлепберген, Марат Мәзімбаев сияқты танымал тұлғалар да бар.

Танымал жоба эфирге 22 қыркүйектен бастап 16 желтоқсанға дейін, әр сенбі сайын сағат 21.05-те шығады.