Меморандум шеңберiнде Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы ресурсынан 500 мың тонна арзандатылған бидай бөлiнбек. Бидай жергiлiктi атқарушы органдарымен анықталған ұн тартушы кәсiпорындарына тоннасына 30 мың теңге белгiленген бағамен берiледi. Бидай 2014 жылдың тамыз айына дейiн жеткiзiлiп тұрмақ.
«Тоннасына 30 мың теңге девальвацияға дейiн болған баға. Сондықтан бiз осы бағамен жiберетiн боламыз. Қазiргi уақытта жеке кәсiпкерлер 35 мың теңге және одан да жоғары бағамен сатылуда. Менiңше, 30 мың теңге нан бағасын ұстап тұруға септiгiн тигiзедi», - дедi «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жалелиден Смағұлов.
Оның айтуынша, осындай келiсiмдер барлық облыс әкiмдiктерi арасында жасалады.