Қазіргі уақытта корпорацияның қорында 3,3 млн. тонна астық бар екендігін тілге тиек еткен Б. Қабдырахманов, «егер нарықта бұндай оқиға қайталанатын болса, біздің жұмысымыз әлдеқайда ұйымдасқан болады және нан бағасының шарықтауының алдын аламыз», деп сендірді.
Оның айтуынша, бұл астық елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етіп, бағаның өсіміне жол бермеуге мүмкіндік бермек.
Өткен аптада Үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев та Қазақстанда 2007 жылғы жағдайдың орын алатынына күмән келтірген.
«Елімізде 6,3 млн. тонна азық-түліктік бидай бар. Элеваторларда 5,6 млн. тонна астық сақталып тұр, оның 3,6 млн. тоннасы Азық-түлік корпорациясының астығы. Егер біз биыл тіпті пессимистік болжам бойынша 15 млн. тонна астық жинайтын болсақ, онда тұтастай алғанда, маркетингтік жылдың басында сақтаулы тұрған қорды қосқанда, елімізде 22 млн. тонна астық болады. Бұл біздің ішкі сұранысты қамтамасыз ете алатынымызды білдіреді. Еліміз наннан таршылық көрмейтін болады», деді отырыс барысында А. Күрішбаев.