Министрдің айтуына қарағанда, 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін бірінші сұрыпты нан мен бірінші сұрыпты ұн бағасы қалыпты сақталады. Осыған байланысты мемлекеттік субсидия бөлінбек.
«Мемлекеттік комиссиямен шешім қабылданды, ол бойынша келесі жылдың 1қыркүйегіне дейін бірінші сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру және бірінші сұрыпты ұн бағасын арзандату мақсатында шаралар қабылданады. Ешқандай да бағаның күрт өсуіне жол берілмейді», - деді Асылжан Мамытбеков.