Нан пісіру - емдеудің жаңа түрі

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Ағылшын наубайханалары кісі емдеумен айналыса бастады. Мамандардың айтуынша, нан пісіру - терапияның бір түрі.

Мeddaily.ru-дың хабар­лауын­ша, Ұлыбританияда психи­калық кеселге шалдыққандар мен күй­зеліске түскендерді нан пісіруді үйрете отырып емдеу науқаны басталған. Baking a Smile және Better Health Bakery наубайха­на­лары томаға-тұйық адамдарды қоғамға бейімдеумен айналысса, Dough Devils кәсіпорны жұмысқа заң бұзушылар мен бұрын соттал­ғандарды қабылдап жатыр. Сом­ерсет графтығында тұратын коу­чер Пол Юд кейбір ата-аналарға, үй-күйі жоқ азаматтар мен қараусыз қалған балаларға нан пісіру бойынша семинарлар өткізеді. Наубайханашылардың пікірінше, нан пісіру адамның мінез-құлқын, ой-көзқарасын, көңіл күйін жақсартады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.