Қоссайыстың қорытындысы бойынша 310 келіні бағындырған Жасұлан Қалиев армян жігіті Хакоб Мктрчан (1 орын) мен үндіс Венкату Рагаладан (2 орын) кейінгі жүлделі үшінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Қазақстан құрамасына алғашқы "алтынды" сыйлаған еді.