Бүгін ақтық сында отандасымыз өкінішке қарай Болгариялық бксшы Благой Найденовтан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Естеріңізде болса, биыл Болгария қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің финалында да Вадим осы Благой Найденовқа есе жіберіп алған болатын.
Айта кетелік, қазір Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан II жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстаннан 4 боксшы барған еді. Шалқар Айқынбай (49 кг) төртінші орынға тұрақтаса, Алуа Балқыбекова (51 кг) бесінші орынды иемденді.