Нанкин Олимпиадасы: Қазақстандық дзюдошы финалға шықты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Нанкин Олимпиадасының финалында бақ сынайды, деп жазады «Аламан» порталы.

Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындары басталды. Байрақты бәсекеде дзюдодан 55 келіде ел намысын қорғайтын қазақстандық балуан Бауыржан Жауынтаев финалда. Ол рейтингіне байланысты жарысты бірден жартылай финалдан бастады. Бұған дейін ол түркиялық Огузан Караканы ұтты.

Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы әзербайжандық Натиг Гурбанли болмақ. Финал Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар