Айтулы дода 16 тамыздан 28 тамызға дейін созылады. Оған Қазақстан құрамасы сапынан 51 спортшы қатысады. Біздің сайыпқырандар Қытай еліне 12 тамыз күні аттанған болатын.
Команда құрамындағы спортшылардың бәрі сайысқа жолдаманы көптеген елдердегі құрдастарымен тартысты шайқас үстінде жеңіп алды. Құрамаға республиканың 13 облысы және Астана мен Алматы қалаларының өкілдері енді. Олар спорттың 21 түрі бойынша сынға түседі. Соның ішінде бокс, жеңіл атлетика, күрес, мылтық ату, таэквондо, ауыр атлетика сияқты спорт түрлері бар.