Ал ас атасы сымбатты тұлға бітімін бұзады деп ойлау, мамандардың пікірінше - қателік.
Испандық сарапшылар мұндай тұжырымға ауқымды талдау жұмыстарынан кейін келген: мамандар соңғы 30 жылда жарияланған диетология, семіру және дәнді дақылдардың адам ағзасына әсері туралы ғылыми жұмыстарды егжейлі-тегжейлі зерттеп шықты.
Нәтижесінде, нанның артық салмақ проблемасына және семіруге еш қатысы жоқ деген тұжырым жасады. Онымен қоса, бұл тағамның құрамына жасалған түбегейлі зерттеу нанды қолдану, керісінше, салмақты түсіруге көмектеседі екен.
Ғалымдардың пікірінше, адамның қандай нанды қолданатындығында айырмашылық жоқ, мейлі ол - қара, ақ не кебек қосылған болса. Артық салмағы бар адамдардың өзіне де нанды ас мәзірлеріне қосқан дұрыс. Себебі олардың ағзаларына зиянды нан емес, құрамында қанттың үлкен көлемі бар, мықын аумағына, кейін барлық денеге майдың жиналуына алып келетін - нан-тоқаш өнімдері тигізеді.