«Нанның бағасына астық пен ұнның бағасынан бөлек, энергия тасымалдағыштар, жалақы мен өтелімдер де үлкен әсер ететіні белгілі. Осыны ескере келе, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі бүгінгі күнде нан бағасындағы астықтың жеке құнын есептеп шықтық. Астықтың бағасы тоннасына 26 мың теңге шамасында болып отыр», деді А. Мамытбеков.
Оның айтуынша, осы бағамен астық сату арқылы өндірістік тізбек рентабелді бола бастайды және нан бағасын ұстап тұруға жағдай жасалады. «Сондықтан да, біз астықты осы бағамен сатып алу арқылы жыл бойына нан бағасын өзгертпеу мүмкіндігіне кепілдік береміз», деді А. Мамытбеков.