Наполеон Бонапарттың қалпағы бәссаудаға қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Наполеон Бонапарттың 1800 жылы Маренгодағы шайқас кезінде киген екібұрышты қалпағы бәссаудаға шығарылды, деп хабарлады Би-би-си.

Наполеонның танымал бас киімінің қазіргі иесі - Монако корольдігінің үйі. Сарапшылар қалпақты 300-400 мың еуроға бағалап отыр.

Бәссаудаға француз императорының басқа да мыңнан астам заттары шығарылмақ.