Енді Фонтенблода Osenat бәссауда үйінің 9 маусымға белгіленген шарасы қасиетті кітапсыз өтетін болды.
Құнды жәдігер Наполеонның 1798 жылғы Египетке жасаған жорығында Каирдегі «Әл-Азхар» университетінің жанындағы мешіттен алынған. Бәссауда жайында құлағдар болған Мысырдағы мешіт имамы Париждегі египеттік өкілдік арқылы бәссауданың ұйымдастырушыларынан Құранды алып тастауды өтінген.
«Біз египеттік тараптың өтінішін жерге тастамай, кітапты бәссаудадан алып тастауды ұйғардық», - деп атап өтті бәссауда үйінің өкілі Жан-Пьер Осен.