Оппозиция Даккада 36 сағаттық наразылық акциясын өткізуде. Оппозиция альянсы, яғни онда көшбасшылық рөл атқарып тұрған Бангладеш ұлтшылдық партиясы наурызда тұтқындалған партия мүшелерін босатуды талап етуде.
Журналистердің хабарлауынша, Даккада мектептер мен кәсіпорындар жабылып, жолдар босап қалды. кейбір аудандарда шерушілердің полициямен қақтығыстары орын алған көрінеді. Басқарушы «Авами лигасы» партиясы да оппозиция митингісіне қарсы наразылық акциясын өткізіп жатыр.