Наразылық акциясын таратып жіберу кезінде Бахрейнде екі адам қаза тапты

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Бахрейн астанасы Манамада бүгін үкіметке қарсы наразылық акциясына қатысушыларды тарату кезінде екі адам қаза тауып, тағы бірнеше ондаған адам жарақат алды.

Акция қаланың орталық алаңдарының бірі - Інжуде бiрнеше күннен бері жалғасып келеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС «Әл-Жазира» телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оппозициялық Ислам ұлттық келісім қоғамы ("Аль-Вифак") өкілдерінің сөзіне қарағанда, 50-ге жуық адам жарақат алды, оның 10-ы ауыр халде жатыр. Полиция рейді шерушілер шатырларда ұйықтап жатқан кезде басталды. Олар көзден жас ағызатын газ пайдаланған.