Нәрестені Өскеменнен Риддерге санавиациямен жеткізді

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Руслан Агламбеков пен Олег Алфеев сәбиді «Ми-8» тікұшағымен Риддер қаласынан Өскеменге жедел медициналық көмек көрсету үшін жеткізді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Санитарлық авиация дәрігерлерінің бригадасы бортта қолдау көрсетті. Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында ұшу қиындықсыз өтіп, сәби медициналық мекемеге жеткізілді.  

Айта кетелік Павлодар-Астана жолындағы көлік апатынан зардап шеккен ер бала санавиациямен Павлодарға жеткізілген еді