Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл додада Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленді.
Отандасымыз финалда 14.933 балл жинады. Тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдрысов ақтық сында 4-сатыға жайғасты (14.933 ұпай).
Тұтқалы ат снарядындағы жүлдегерлер:
1. Габриэле Таргетта (Италия) 15.000
2. Мамикон Хачатрян (Армения) 14.966
3. Нариман Курбанов (Қазақстан) 14.933.
Еске сала кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты даярлауға бөлінген қаржы көлемі жарияланғанын жазған едік.