АСТАНА. KAZINFORM - Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан 2025 жылғы FIG World Challenge Cup турнирінде ат снарядындағы жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық гимнаст 15.066 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Армения спортшысы Гамлет Манукян иеленді (14.800). Ал үздік үштікті италиялық Габриэль Таргетта түйіндеді (14.733).
Нариман Құрбанов 1997 жылы дүниеге келген. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болды. 2023, 2024, 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды.
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикамен бес жасынан бастап айналысады. Алғашқы бапкері өзінің әкесі болған.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол финалда 15,433 ұпай жинады. Нәтижесінде екінші орыннан көрінді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.