АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Н.Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан 15.433 ұпай жинап, алтын медальға ие болды.
Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл айтулы бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зейнолла Ыдырысовтың спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің жүлдесіне іліккенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).