Наркологтар полиция қызметкерлеріне дәріс оқыды
15:32, 19 Наурыз 2013
ҚЫЗЫЛОРДА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық наркология орталығының мамандары полиция қызметкерлеріне ішімдікке тәуелді адамдарға қатысты қабылданатын шаралар жөнінде дәріс оқыды.
Онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қамтылды. Облыстық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған сабақ барысында бағдарламаның мақсат-міндеттері, осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы айтылды. Қатысушыларға көптеген мағлұматтар беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.