Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне бірнеше көмір компаниясы енгізілді

АСТАНА.  Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат  -  Бәсекелестікті қорғау агенттігінде  дүйсенбі күні   монополияға қарсы  орган  басқармасының   алтыншы  отырысы  өтті.

Жақындап  қалған  жылу беру маусымына және   көмірдің   коммуналдық   қызметтердің бағаларына әсер етуіне  байланысты     аймақ   өңірлеріндегі көмір нарығына  талдау   жүргізілді.  Талдау жұмыстары   Энергетика   және минералдық ресурстар министрлігінің  қорытындылары мен   ҚР Жоғарғы сотының   шешімі  негізінде  жасалды.  Оның  нәтижелері  бойынша   монополиялық    жағдайдағы бірнеше компанияны нарық  субъектілерінің    мемлекеттік  тізіліміне қосу  туралы шешім қабылданды. Олар «Богатырь Көмір», «Майкөбе-Вест»,  «Қазақмыс» корпорациясы,  «Қаражыра» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, сондай-ақ  «Еуроазиялық энергетикалық  корпорация», «Шұбаркөл Көмір» акционерлік қоғамдары  және «Борлы» көмір  департаменті.

Сарапшылардың айтуынша, бұл  шара    жылу   және   электр энергиясы  генераторларына   көмір жеткізу  мәселелеріндегі  көмір компаниялары  жол беруі ықтимал «асыра сілтеушіліктердің»  жолын  кесуге мүмкіндік береді.