Бұл құбылыс қарапайым технология бойынша жүзеге асады. Теледидардың жұмысынан қызған иісі бар арнайы гранулалар булана бастайды. Хош иіс теледидардың бұрыштарында орналастырылған желдеткіштерге барып, көгілдір экран алдындағы көрермендерге жетеді.
Бұл идеяны негізге алып, ғалымдар ауыспалы картридждары бар теледидар шығаруды да қолға алмақ. Әзірге хош иіс шығаратын теледидарлар сатылымға қашан шығатыны және оның құны қандай мөлшерде болатыны белгісіз.