Нарықтың әлемдік конъюктурасына байланысты Қазақстан өнімділікті арттыруға күш салады - Үкімет басшысы

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан дамыған елдердің қатарына ену бағатында бәсекеге қабілеттіліктің тиімділігін арттырады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 12-ші министрлер конференциясында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

Елбасы ҚР Үкіметі алдында әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына ену мақсат-міндетін жүктегеніне тоқталған С. Ахметов, «Осы мақсатқа қол жеткізу экономикалық және әлеуметтік салаларда біздің елдің дамуының қазіргі траекториясына айтарлықтай іркілісті қажет етеді. Бұл өз кезегінде экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру арқылы оның бәсекеге қабілеттілігінің тиімділігін арттыруды білдіреді»,-деді.

Бұл тұрғыда Үкімет басшысы нарықтың әлемдік конъюктурасына байланысты өнімділікті арттыру мен сын-қатерлерді төмендетуге негізгі екпін жасалатынын сөз етті.