NASA Artemis 2 ай миссиясын кейінге шегергенін мәлімдеді

Фото: NASA / Kim Shiflett

АСТАНА. KAZINFORM — NASA Айды айналып ұшуы тиіс төрт астронавт мінетін зымырандағы ақауға байланысты Artemis 2 ай миссиясының кейінге шегерілгенін хабарлады.

Boeing компаниясы құрастырған Space Launch System (SLS) зымыраны Флорида штатындағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығына қайта жеткізіледі. Онда зымыранды көкке көтеруге қажетті гелий отынымен қамтамасыз ететін жүйедегі анықталған ақау жөнделеді.

Artemis 2 миссиясының ұшырылуы 6 наурызға жоспарланған еді. Осыған байланысты экипаж құрамындағы үш америкалық және бір канадалық астронавт қатаң карантиннен өте бастаған еді. Енді миссияның кейінге қалдырылуына байланысты бұл карантин тоқтатылады.

Миссия аясында экипаж Айды айналып ұшуы тиіс, алайда оның бетіне қону жоспарланбаған. Бұл 1972 жылғы желтоқсанда жүзеге асқан Аполлон-17 миссиясынан бері алғаш рет жасалатын қанатқақты Айды айналып ұшу жобасы болмақ.

Еске сала кетейік, Илон Маск алдағы 10 жылда Айда қала салады.