НАСА астронавтары Қазақстанға ХҒС-тан құттықтау жолдады
«3 желтоқсанда ғарыш станциясының бортында ХҒС-құрамындағы негізгі экспедициясының 50 бортинженері Пегги Уитсон АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өту мақсатында қолданылатын "25 жыл бірге" логосын көтерді. Уитсон "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2016 жылы 18 қараша айындаХҒС-қа сапарға шыққан. Бұған дейін 2010 жылы Жезқазған қаласында өткен салтанатта Уитсон оның ғарышқа ұшу кезіндегі жетістіктері үшін танылып және де дәстүрлі қазақ киімін мақтанышпен киген болатын.
Сонымен қатар, 2016 жылы 3 желтоқсан айында ғарыш станциясының командирі Шейн Кимброу ХҒС бортында бола тұра қолында # USKZ25 хэштегі бейнеленген фотосуретке түсірілген. Осы хэштег қазақстандықтар мен америкалықтардың екіжақты достық қарым-қатынастардың қалыптасуының 25 жылдығын тойлау мақсатында 2016 жылы аралығында 2000-нан астам рет қолданылды. Кимброу Байқоңырдан 2016 жылы 19 қазан айында ұшып, станциясының бортында 2017 жылдың ақпан айының соңына дейін қалуын жоспарлаған.
Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі екіжақты қарым-қатыстарының орнауын 2016 жыл бойы және де 2017 жылы тойлауда. Сондай-ақ екі елдің үкіметтері арасындағы ғарышты игеруде, ғылым мен технология, энергетика және басқа да көптеген салалардағы ынтымақтастықтың жалғасуын қолдайды», - деп жазылған хабарламада.