НАСА астронавты ғарыштан түсірілген Қазақстандағы көлдің суретіне сүйсінді
08:45, 21 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА астронавты Роберт Шейн Кимбро Қазақстандағы көлдің ғарыштан түсірілген суретіне сүйсінді.
«Суретті бірнеше ай бұрын @Space_Station-нан алдым. Қазақстандағы көлдің айналасындағы түстер әдемі», - деп жазды ғарышкер Туиттердегі парақшасында.
Бұған дейін ғаламторда Алакөлдің екі түрлі түстегі суреті жарияланған еді. Ол Copernicus Sentinel-2 жерсерігімен түсірілген.
Балқаш-Алакөл ойпатында тағы да екі көл бар: Қошқаркөл мен Сасықкөл. Балқаш-Алакөл жүйесі ЮНЕСКО-ның айрықша табиғат қорғау аумағына жатқызылады, себебі бұл жерде бұйра бірқазандар мен қызыл қоқиқаздар мекен етеді.
Еске сала кетсек, Роберт Шейн Кимбро екі рет ғарышқа сапар шеккен (STS-126 (2008) «Индевор» шатлымен), (Союз МС-02 зымыранымен (2016-2017). Екі рет ашық ғарышқа шыққан.