NASA Ай бетінде адам тұратын ауыл салмақшы
АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық ғарыш агенттігі NASA 2035 жылға қарай Айда адамдар тұра алатын ауыл салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Бұл туралы агенттіктің басшысы міндетін уақытша атқарушы Шон Даффи Сиднейде өткен Халықаралық астронавтика конгресінде мәлімдеді, деп жазады Daily Mail.
Оның айтуынша, алдағы онжылдықта NASA Айда тек станция емес, адамдар өмір сүре алатын толыққанды ауыл салғысы келеді. Даффи Айда тұрақты өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
2026 жылдың ақпанында NASA «Артемида-II» миссиясын іске қосуды жоспарлап отыр. Соның аясында төрт астронавт Айға аттанбақ. Бұл – соңғы 50 жыл ішіндегі алғашқы ұшу болмақ. Дегенмен бұл миссия аясында Айға қону жоспарланбаған.
NASA-ның басты мақсаты — Айда адамдарға арналған ауыл салу. Бұл ауыл ядролық энергиямен жұмыс істейді. Ол Ай бетіндегі материалдардан салынады және астронавтарды ұзақ уақытқа қабылдай алатын болады.
Шон Даффидің айтуынша, Айдағы ауыл құрылысы аяқталған соң, NASA Марсқа қону бағытына белсенді түрде кіріседі.
Бұдан бұрын ғарышта тоғыз ай болған NASA астронавттары Бутч Уилмор мен Суни Уильямс үйлеріне оралғанын хабарлаған едік.