NASA Айға екі аппарат ұшырады

ВАШИНГТОН. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Айға екі американдық аппарат ұшырылады. Олардың көмегімен NASA астронавтары болашақта қонатын орынды таңдап,

жерсерігінің оңтүстік полюсінде судың бар-жоғын тексермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап.Бірінші зонд ай орбитасымен 50 метр биіктікте бір жыл бойы айнала ұшатын болады, ал екіншісі топырақтың құрамында судың бар-жоғын тексеру үшін Айдың оңтүстік полюсіндегі кратерлердің бірінде жарылыс жасайды. Американың аэроғарыш агенттігі 2020 жылға қарай Айға төрт астронавт ұшыруды және онда база салуды жоспарлап отыр.