NASA өз дерекқорынан Жерге жақындап келе жатқан астероид туралы ақпаратты өшірді

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің орталығында жарқыраған болид туралы хабардан кейін көп ұзамай, NASA мәліметтер базасынан және Еуропалық ғарыш агенттігінің айналарынан 2025 US6 астероидының траекториясы мен сипаттамалары туралы ақпарат жоғалып кетті. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының ҒЗИ Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.

NASA бұрын жалпыға қолжетімді болған 2025 US6 астероиды туралы дерекке шектеу қойды. Оның орбитасы мен параметрлері туралы ақпарат Earth Close Encounter дерекқорынан және Jet Propulsion Laboratory (JPL) каталогынан жойылған.

28 қазан күні таңға дейін 2025 US6 туралы ақпарат жалпыға қолжетімді болды. Бүгін диаметрі екі метрге жуық аспан денесі Жерден шамамен 150 000 шақырым қашықтықта өтеді деп болжанған.

Деректер NASA сайтында ғана емес, Еуропалық ғарыш агенттігінің айна сайттарында да жоқ. Нысан туралы ақпараты бар беттің көшірмесі бір күн бұрын жаңартылған Яндекс кэшінде сақталған, бірақ одан кейінгі сілтемелер ашылмайды.

Қазір 2025 US6 астероиды Ресейдің орталығындағы қазіргі болидті бақылаумен байланысты ықтимал нысан ретінде қарастырылып жатыр. Оның каталогтан жойылу себептері әзірге белгісіз.

Айта кетейік, NASA 2035 жылға қарай Ай бетінде адам тұратын ауыл салмақшы.