NASA ғарышкерлері SpaceX-тегі ақауға байланысты үйлеріне қайта алмай отыр

Фото: Фото: NASA

АСТАНА. KAZINFORM – Барри Уилмор мен Суни Уильямс Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) бір апта болуды жоспарлаған, бірақ ғарыш кемесіндегі ақауларға байланысты олардың ғарышта болғанына тоғыз ай болды.

Екі астронавт ХҒС-қа Boeing компаниясының Starliner ғарыш кемесінің басқарылатын алғашқы сынақ ұшуы аясында өткен жылдың маусым айында келді, бірақ кемедегі ақаулар оларды орбитада қалуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Fox News. 

SpaceX пен NASA компаниялары сәрсенбіде зымыранды ұшыру алаңына бекітетін қысқыш тұтқалардың біріндегі ақауға байланысты Crew-10 зымыранын ХҒС-қа жоспарланған ұшырудан бас тартты. 

Зымыранды ғарышқа ұшырудың келесі мүмкіндігі бейсенбі күні болады.

Falcon 9 зымыраны ХҒС-қа алты айлық миссия үшін төрт адамнан тұратын экипажды: NASA астронавтары Энн Макклейн мен Николь Айерс, жапондық астронавт Такуя Ониси және ресейлік ғарышкер Кирилл Песковты алып кетеді деп күтіліп отыр.

Қазіргі уақытта ХҒС-та қалып отырған Уилмор мен Уильямс, сондай-ақ ХҒС экипажының басқа екі мүшесі, NASA астронавты Ник Хейг пен ресейлік ғарышкер Александр Горбунов үйлеріне ғарыш станциясына өткен жылдың қыркүйегінде жеткен SpaceX Dragon капсуласымен барады, деп хабарлайды NBC News

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Маскке астронавтарды үйлеріне қайтаруды тапсырған болатын.

Уилмор мен Уильямсты өткен жылдың маусымында ХҒС-қа жеткізген Boeing компаниясының Starliner ғарыш кемесі 2024 жылдың қыркүйегінде ХҒС-пен түйіскен кезде «гелийдің кемуіне» және «басқару қозғалтқыштарының ақауларына» байланысты Жерге экипажсыз оралды.

Бұған дейін NASA ғарышкері ХҒС-тан оралғаннан кейін cырқаттанып қалып, ауруханаға түскенін жаздық.