Одан бөлек, салмақсыздық кезінде толып кеткен жөргек ыңғайсыздық тудырады. Қазір бұл мәселе аса өзекті емес, алайда алты күн бойы ғарыштық «сауыт» ішінде болатын Марсқа сапар шегушілер дәл осы мәселеге кезігеді.
Сол себепті NASA скафандрға орнатылған әжетхана ойлап табу жайлы байқау жариялады. Онда үш жеңімпаз 30 мың доллар көлемінде сыйақы алды. Бірінші орын және 15 мың доллар сыйақы ӘӘК офицері және әскери хирург Тетчер Кардонға берілді. Ол жөргектерді ауыстыру үшін және үрлемелі «горшок» орнату үшін скафандрдың жамбас жағын ойып, бекітілетіндей жарақтауды ұсынды.
10 мың доллар скафандрға қалдықтарды ауа арқылы үрлеп шығаратын резервуар орнатуды ұсынған топ жеңіп алды. Ал 5 мың доллар қалдықтарды залалсыздандырып, скафандр ішінде сақтауды ұсынған жобаға берілді.