Жобаға Saffire деген атау берілді.
ХҒС модулі 23 наурызда ұшырылмақ, ол ғарышкерлерге кезекті жүкті жеткізген соң жоспар бойынша отқа орануы тиіс. Модуль өрттің барлық сипаттарын өлшейтін құрылғылармен жабдықталған. Яғни, оттың температурасы, жайылу жылдамдығы, көлемі өлшенеді.
Жобаның бас менеджері Saffire Гарри Раф бұл ғарышта қолдан жасалған ең үлкен өрт болатынын және оны зерттеу ғарыш кемелерінде өрт болған жағдайда дайын болу үшін өте қажет екенін айтты.
Ғалымдар капсула Жер атмосферасына енген сәтте толықтай жойылатынын мәлім етті.